Газа секторында қаза тапқандар саны 20 258 адамға жетті

Газа секторындағы бұрын-соңды болмаған гуманитарлық дағдарыс жағдайы орын алды.

Коллаж Ulysmedia

Израильдің Газа секторына соққылары салдарынан 7 қазаннан бері 20 258 адам мерт болды, тағы 53 688-і жарақат алды. Бұл туралы Анадолы агенттігі Газадағы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, тек кейінгі 24 сағатта палестиналық эксклавта 201 адам көз жұмды, 368 адам зардап шекті.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының атқарушы кеңесі шұғыл отырыс өткізген болатын. Негізгі себеп – Газа секторындағы бұрын-соңды болмаған гуманитарлық дағдарыс жағдайы.

Сессияда сөйлеген сөзінде ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің атысты дереу тоқтатуға шақыратын қарар қабылдай алмауына қатты ренжіді.

«Газа тұрғындарын қорғаудың жалғыз нақты жолы – бітімгершілік», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Гебрейюс Газа секторындағы денсаулық сақтау шаралары қысқарғанын, дәрігерлер азайып, өте шектеулі ресурстармен жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Осы тұрғыда атқарушы кеңес мүшелері басып алынған Палестина территориясындағы адамдардың денсаулығын қорғауға бағытталған қарарды талқылауда.

Соғыс қимылдары басталғаннан бері Газада кем дегенде 286 медицина қызметкері қаза тапқан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-22
Утром-11.49 ℃
Днем-13.87 ℃
Вечером-14.97 ℃
Ночью-20.19 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра8.59 м/с
2025-01-23
Утром-19.47 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.04 ℃
Ночью-13.33 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.73 м/с