БҚО-да жолдың құрылысына кірістірілген ауыр жүк көліктері жаңа жолдарды қалай бұзғанын көріп отырмыз — Қарабаев

2026 жылы ауыр жүк көліктері Қазақстан жолдарынан жойылмақ.

«ОА» мұрағатынан

Марат Қарабаев министрлік өз тарапынан көліктік бақылау инспекторларының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және үстеме бақылау тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар қосымша шараны енгізіп жатқанын хабарлады.

«Егер жүк көлігінің иелері заңнама талаптарын сақтаса, дұрыс болар еді. Алайда, талаптар жиі бұзылып тұрады. Нәтижесінде бұл бюджетке орасан зор зиян келтіреді. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында жолдың құрылысына кірістірілген ауыр жүк көліктері жаңа жолдарды қалай бұзғанын көріп отырмыз«, – деді көлік саласына жауапты министр.

Қордаланған мәселені шешу үшін министрлік 2024 жылы қалалардың кіріс және шығыс бөліктеріне бейнекамералар орнатуды бастайды. Олар автоматты түрде артық салмақ үшін айыппұл салады. Сонымен бірге 220 камераны «Сергек» бейнебақылау жүйесімен біріктіру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ ҚР Көлік министрлігі бөлінбейтін ірі көлемді жүктерді тасымалдауға ресми арнайы рұқсаттар беру және самосвалдардың жолдармен қозғалысын шектеу тетіктері пысықталуда.

«Әлемнің кез келген жерінде карьерлік ауыр жүк көліктерінің жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдармен жүруіне тыйым салынады. Қазақстан, бәлкім, мұндайға жол берген жалғыз ел. Біз аталған шектеулерді 2023 жылдан бастап іске қосқымыз келді. Дей тұрғанмен, нарық қатысушылары аз да болса уақыт беруді сұраған болатын. Сондықтан ауыр карьерлік жүк көліктеріне 2025 жылдың аяғы мен 2026 жылдың басында қазақстандық жолдармен жүруіне тыйым салынады«, – деп атап өтті Марат Қарабаев.

Сонымен қатар егер министрліктің ұсынысы Үкімет пен Парламентте қолдау тапса, тасымалдаушылар төлеуге тиісті арнайы рұқсаты болған кезде белгілі бір шегіне дейін артық жүктерді тасымалдауға мүмкіндік беретін норма енгізіледі. Аталған шешім жергілікті жерлер орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды көздейді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-дағы «Орал-Тасқала» тасжолын шамадан тыс жүк тиелген самосвалдар қиратуда

БҚО-да жаңадан салынған жол жыл өтпей, қайта бүлініп жатыр

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-10
Утром6.17 ℃
Днем12.04 ℃
Вечером11.84 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.37 м/с
2026-04-11
Утром7.27 ℃
Днем8.14 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.07 м/с