БҚО кешенді дамыту жоспарына 7,5 миллиард теңге қаражат бөлінбек

Су, жарық, жылу сияқты негізгі коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтамасыз ету – адамдардың әл-ауқатын арттырудың маңызды шарты.

«ОА» фотоқорынан

«Биыл Орал қаласының жылу электр орталығын жаңғырту мақсатында 4 жоба іске асты. Олар Зашағандағы Ғалымдар ауылы көшесіне жаңа қазандық салу, Мөңкеұлы көшесіндегі №3 қазандықтың жылу құбырларын ауыстыру, жылу электр орталығынының тарату құрылғыларын жаңарту және жаңа градирняның құрылысы сияқты жобалар. Жуырда 6 су жинау ұңғымасының құрылысы аяқталды. Нәтижесінде өндірілетін су көлемі қосымша 9 мың текше метрге ұлғайды. Жаңадан тағы 5 су ұңғымасын салу бойынша жоба жасақталды. Сондай-ақ Камен топтық су құбырын жаңарту жобасы сараптамадан шықты»,- деді Миржан Сатқанов.

Су бұру желілерінде, атап айтқанда №21-ші, 2-ші, 3-ші кәріз-сорғы станцияларында реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 5 станцияны қайта құру үшін жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталуда.

Қала басшысының сөзінше, қалалық электр станциясының тозуы 75 пайызды құрайды. Жыл сайын Оралда электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«2023 жылы 120 км желі ауыстырылды. Инвестициялық бағдарламалар арқылы қосымша 9,3 км желі ауыстырылған. Қаладағы электр желілері мен жабдықтардың тозуын азайту шаралары «Батыс Қазақстан облысын кешенді дамыту жоспарына» енгізілді. Бұл мақсатқа алдағы 3 жылда республикалық бюджеттен 7,5 миллиард теңге қаражат бөліну жоспарланған», – дейді әкім.

«Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы басталғалы қала аумағында 33 аула абаттандыру жұмыстарымен қамтылған. Биыл 41 аулада тиісті жұмыстар басталды. 26 ауланы абаттандыру жұмыстары толық аяқталса, қалған аулалар 2024 жылы пайдалануға беріледі. Шаһарымызды абаттандыруда «Халық қатысатын бюджет» жобасы үлкен септігін тигізуде. Мұнда оралдықтар қаламыз үшін ең өзекті, маңызды әрі қажетті жобаларды өздері ұсынып, дауыс беру арқылы анықтайды. Биыл осы тәсілмен жаңа скверлер салу немесе қолданыстағы демалыс аймақтарын жөндеуге қатысты 7 жоба таңдап алынды. Барлығы да жүзеге асырылуда»,- деп атап өтті Миржан Сатқанов.

Көше-жол желісін жарықтандыру жұмыстары жалғасуда.

«Биыл Әбілқайыр хан даңғылын толықтай жарықтандырып жатырмыз. Зашаған кентіндегі Брусиловский және Рахимов көшесіне жарықшамдар орнату жұмыстарын аяқтадық. Бұдан басқа, 2023 жылы қала аумағындағы 12 көше жарықтандырылды. Қаланың эстетикалық көрінісін жақсарту мақсатында 50 нысанға сәулеттік жарықтандыру құрылғылары орнатылды», – деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Оралдағы жолдарды жөндеуге 2024-2025 жылдарға 15 млрд теңге қажет

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-10
Утром6.17 ℃
Днем12.99 ℃
Вечером11.84 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность54 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.37 м/с
2026-04-11
Утром7.27 ℃
Днем8.14 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.07 м/с