Оралда опырылған коллекторды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда
Қазір жол төсемінде пайда болған үлкен шұңқырдың айналасы қоршалған.

«Батыс су арнасы» ЖШС баспасөз қызметі 23 желтоқсанда Тюленин ауданында кәріз коллекторының жоғарғы қоймасы опырылғанын, нәтижесінде асфальт ойылғанын хабарлады. Қазіргі уақытта жол учаскесі жабылып, қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
С. Тюленин көшесінде, жеке балабақшаның жанындағы асфальт опырылды. Жол төсемінде үлкен шұңқыр пайда болды. Бұған, «Батыс су арнасы» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, диаметрі 700 мм кәріз құбырының опырылуы себеп болған.
-С. Тюленин-Қ. Миханова көшесінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Жолдыбаев көшесінен Қ. Миханова көшесіне дейін солтүстік бағытта С. Тюленин көшесі бойынша жол қозғалысы да жабылды. Біз кәрізді сорып аламыз, бүкіл ауданда су бар. Екі күн ішінде апаттық жұмыстар аяқталуы тиіс,-деді «Батыс Су арнасы» ЖШС баспасөз хатшысы Бауыржан Ғилажев.
Айналадағы үйлердің тұрғындары өз кезегінде шұңқырдан ағынды сулардың жағымсыз иісі шыққанын атап өтті. Қазір жол жамылғысының қауіпті учаскесі қоршалған.
