Оралда биыл Жаңа жылдық отшашуға үш миллион теңге бөлінген
Сонымен қатар, 31 желтоқсанда Тұңғыш Президент алаңында Жаңа жылдық концерт өтеді.

Оралдың басты алаңында жергілікті билік шыршаны безендіреді. Биыл олар жаңа атрибуттарды сатып алмады, сондықтан былтырғы жылғы қойылады. Сонымен қатар, биылғы жылы Жаңа жылдық шыршаны салтанатты түрде жағу болмайды. Бірақ жергілікті билік қала тұрғындарын концертпен қуантуға шешім қабылдапты.
Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 желтоқсан күні сағат 20:00-де Тұңғыш Президент алаңында мерекелік жаңа жылдық концерт өтеді. Оралдықтарды жергілікті әртістер құттықтайды. Мереке отшашумен аяқталады. Оны қала тұрғындары сағат 23:00-де көре алады. Жергілікті бюджеттен Жаңа жылдық отшашуға үш миллион теңге бөлінген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Батыс Қазақстан облысында 3 жылда отшашуға 32 миллион теңге жұмсалған
