Төтенше жағдайлар министрлігі Жаңа жыл қарсаңында халыққа үндеу жасады
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін, 2023 жылғы 28 желтоқсанда Жаңа жылға орай халыққа үндеу жасады.
Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа жылдық іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.
«ТЖМ жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастырушылар мен азаматтарды жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады», – делінген хабарламада.
Төтеншеліктер жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезіндегі басты міндет – қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін еске салып өтті.
«Бұл әсіресе жаңа жылдық мерекелерді өткізу орындарына (дәмханалар, мейрамханалар, түнгі клубтар, барлар), сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға (мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері, оқушылар сарайлары, СОО, сауда үйлері, дүкендер, балалардың ойын-сауық орталықтары, базарлар, вокзалдар, әуежайлар және т.б.) қатысты. Оларды ұйымдастыру және өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет», деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Мерекені өткізер алдында үй-жайлардың жай-күйін, олардың өрт қауіпсіздігінің барлық ережелеріне қаншалықты сәйкес келетіндігін міндетті түрде тексеру қажет.
Ведомство мереке өткізуге жауаптыларға өрт және басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы қосымша нұсқау берілуі қажет екенін ескертті.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Пиротехникадан келер қауіп көп
ТЖМ аяздың әсерінен де көлікте өрт тууы мүмкін екенін ескертті