ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Ауыспалы нөмірлерден жасалған 43 млн-нан астам қоңырау бұғатталды

Ішкі істер органдарының алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі – киберқылмысқа қарсы күрес. Себебі Қазақстанда кейінгі жеті жылда интернет-алаяқтық саны 10 есеге, яғни екі мыңнан 20 мың қылмысқа дейін өскен.

Көрнекі сурет  «ОА» фотоқорынан

Биылдың өзінде интернет-алаяқтар азаматтарға 17,5 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

  • Ең жиі кездесетін алдау түрі – интернет арқылы «жоқ» тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде алдын ала төлем алу (жеті мың факт).
  • Екінші орында – банк қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңыраулар (екі жарым мың факт).
  • Үшінші орында – онлайн-қарыздарды ресімдеу (екі мың факт).

Биыл жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде үш мыңнан астам интернет-алаяқтық жасаған 828 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қыркүйек айында Өскеменде 50-ден астам интернет-алаяқтық фактісіне қатысы бар үш күдікті ұсталды. Олардан ұялы телефондар, ноутбуктер тәркіленді. Жалпы келтірілген шығын – 80 млн теңге. Желтоқсан айында елордада полицейлер төрт алаяқтық сall-орталықты анықтады. Тінту іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 170-тен астам ноутбук пен желілік жабдықты тәркіледі.

Биыл 43 миллионнан астам қоңырау бұғатталды. Сонымен қатар 15 қарашадан бастап Қазақстан тұрғындарының стационарлық телефондарына келіп түсетін халықаралық қоңырауларды анықтау және бұғаттау жүйесі іске қосылды. Жүйе іске қосылған сәттен бері 278 мыңнан астам қоңырау бұғатталды. Сонымен қатар қарыз алу рәсімдері sms арқылы растау және биометрия жүйесімен күшейтілді.

«Киберқылмыстың өсуі және оның жаңа түрлерінің пайда болуы тек Қазақстан мен ТМД елдерінде ғана емес, бүкіл әлемде байқалады. Мұндай қылмыстар трансшекаралық сипатқа ие. Сондықтан да оларды ашу қиынға соғып жатады. Қылмыскерлер түрлі анонимді, шет елдерде орналасқан сервистерді пайдаланады, – деп атап өтті ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Туысының даусын салады: Ұлттық банк азаматтарға жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертті

Оралда жыл басынан бері 410 алаяқтық қылмыс тіркелген

Кірістер комитеті алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануға шақырды

«Қорқынышты сандар»: Төрт жыл ішінде интернет-алаяқтыққа қатысты 72 мыңға жуық қылмыстық іс тіркелген

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-13
Утром18.14 ℃
Днем24.7 ℃
Вечером23.68 ℃
Ночью17.53 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра4.89 м/с
2026-06-14
Утром17.4 ℃
Днем25.36 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью19.73 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.58 м/с