Ішкі істер министрлігі қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады

Қысқы демалыстың басталуына орай Ішкі істер министрлігі қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады.

Көрнекі сурет

Министрлік ата-аналардан балаларының интернет-ресурстарын қадағалап отыруды сұрады.

«Қазіргі уақытта есірткі кез келген отбасының өміріне енуі мүмкін. Биыл полиция есірткі таратуға қатысы бар 40-тан астам кәмелетке толмағанды ұстады. Қысқы демалысқа байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының өміріне барынша араласуға шақырады, себебі баланың есірткі иммунитетін қалыптастыруда отбасының рөлі маңызды. Сіздер балаларыңыздың ортасын білулеріңіз керек, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды қадағалағандарыңыз абзал. Жасөспірімнің заттарының арасында кез келген дәрі-дәрмек қаптамалары, фольга, шыны түтіктері, тамшуырлар кездессе, мұқият болыңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткіні қолдануға арналған құрал бола алады. Ақша шығынына немесе керісінше оның көбеюіне назар аударыңыз. Себебі есірткіні қолданудан басқа бала тез арада көп табыс табу мүмкіндігіне қызығып, оны таратуға қатысуы мүмкін», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Егер сіздің балаңызда:

  • араласатын ортасы өзгерсе;
  • достарымен сөйлесу немесе хат алмасу кезінде жаңа түсініксіз сөздер пайда болса;
  • телефонда, мессенджерлерде геолокациялары бар белгілер, фотосуреттер пайда болса, телефон нөмірлері, интернет-сайтқа сілтемелері бар жазбалар немесе сандар жиынтығы болса;
  • белгісіз заттары бар түрлі-түсті орама болса, сіз күдіктенуге тиіссіз.

Еске сала кетейік, есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, есірткіні сатқаны үшін 14 жастан басталады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Оралда мектеп оқушысы есірткі таратумен айналысқан

2024 жылдан бастап қазақстандық оқушылар жаппай нашақорлыққа тексеріледі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером6.89 ℃
Ночью4.06 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с