Жаңа жылдан бастап шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті

Тіркеу көші-қон қызметінің бөлімшелерінде жүргізіледі.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды (16 жасқа толған) дактилоскопиялық тіркеу мына құжаттарды ресімдеу кезінде міндетті рәсім болады:

  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін;
  • Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын алу үшін;
  • Азаматтығы жоқ адамның куәлігін немесе оны қалпына келтіру, ауыстыру үшін;
  • Уақытша тұруға рұқсат алу үшін;
  • Қазақстан Республикасының визаларын алу үшін (Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы алынатын және ұзартылатын);
  • Пана іздеген адамның куәлігін алу үшін;
  • Босқын куәлігін алу үшін;
  • Босқынның жол жүру құжатын алу үшін;

Шығарылуға жататын немесе реадмиссия тәртібімен қайтарылатын (жасалған халықаралық келісімдерге сәйкес) адамдар да дактилоскопиялық тіркеуден өтеді.

Дактилоскопиялық тіркеуден өткен кезде шетелдіктерде немесе азаматтығы жоқ адамдарда жеке басын куәландыратын құжат, ол болмаған кезде растау және дактор тіркеуге жіберу туралы анықтама болуға тиіс.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 443-1-бабына сәйкес, міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартуы елдің шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келеді. Дактилоскопиялық тіркеу көші-қон қызметінің бөлімшелерінде шетелдіктердің болу орны бойынша жүргізіледі. Сондықтан шетелдіктерге дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау ұсынылады. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жеке куәліктер мен ҚР паспортын алған кезде азаматтың келісімімен ерікті дактор тіркеуі көзделген.

Батыс Қазақстан облысы​​​:

Орал қ., Гагарина к ., 2/5

Ақжайық ауданы , Казахстан к., 71

Тайпақ ауданы, Хан тәңірі к., 24

Бөкейордасы ауданы, Бергалиева к., 20

Бөрілі ауданы, 2 тұрғын аудан, 7 ғимарат

Жаңақала ауданы, Жаңақала а., Халыктар достығы к.,53

Жәнібек ауданы, Жәнібек а., Г.Караш к., 28 А

Бәйтерек ауданы,​Переметное​а., Кирова к.,14

Приуральное ауданы, Даринское а.,Толстого к.,11

Қазталов ауданы, Қазталов а., Желтоксан к., 20

Жалпақтал ауданы , Жалпақтал а., С.Датұлы к., 25

Қаратөбе ауданы, Қаратөбе а., Кұрманғалиева к., 10

Сырым ауданы, Жымпиты а., С.Датұлы к.,87

Тасқала ауданы, Тасқала а., Абая к., 24

Теректі ауданы ,Федоров а..Сункар к., 14

Ақжайық ауданы, Ақжайық а., Есенжанова к., 7

Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау а., Целинная к., 1 А

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.65 ℃
Днем21.32 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с