Ұлттық банк «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының 2024 жылғы бюджетін бекітті

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір өзгеріс болады. Атап айтқанда, банктердің ипотека қарыздарын талап ету құқығын сенімгерлік басқарғаны үшін алатын сыйақысы жылдық 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендетіледі.

Көрнекі сурет

Ұлттық банк 2024 жылы бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемін рұқсат етілген ең жоғары деңгейде бекітіп, яғни лимитті 100 млрд теңге мөлшерінде белгілеу және тоқсан сайын 25 млрд теңгеден бюджетті бөлуді қарастырды.

Сондай-ақ қаулыда бағдарлама бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сенімгерлік басқарғаны үшін банктердің жылдық сыйақысын 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендету көзделген.

«Бұл түзету бағдарлама операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ мен бағдарламаға қатысушы банктер арасында белгіленетін құқықтық қатынастарды қозғайды және азаматтарды кредиттеу шарттарына әсер етпейді».

Айта кетейік, бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 25 жылға дейінгі мерзіммен және 20%-дан басталатын бастапқы жарнасы 7%-дық жеңілдікті мөлшерлеме бойынша қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылған.

2023 жылы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 974,1 млрд теңгеге 71 699 жеңілдікті қарыз берілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-09
Утром-11.94 ℃
Днем-10.21 ℃
Вечером-7.8 ℃
Ночью-9.44 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.65 м/с
2025-02-10
Утром-10.23 ℃
Днем-4.71 ℃
Вечером-7 ℃
Ночью-9.73 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра4.48 м/с