Қазақстанда құжат алу бағасы өсті

Тек туу туралы куәлік тегін беріледі.

Бірінші қаңтардан бастап елдегі айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгені құрайды. Осыған байланысты құжат алған кезде төленетін мемлекеттік баж мөлшері де өсті.

Енді қазақстандықтар жеке куәлікті 738 теңгеге (0,2 АЕК), 36 беттен тұратын стандартты паспортты 29 536 теңгеге (8 АЕК) жасатады. Ал 48 беттік төлқұжат үшін мемлекеттік баж мөлшері – 44 304 (12 АЕК).

Айта кетері, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде балалар паспорты екі есе арзандады. Енді 16 жасқа дейінгі балаларға 24 беттік паспорт жасату үшін мемлекеттік баж 4 АЕК немесе 14 768 теңге болады.

Сондай-ақ неке қию туралы куәлік – 3 692 теңге (1 АЕК) және қайта алу – 1 846 теңге (0,5 АЕК), жүргізуші куәлігі – 4 615 теңге (1,25 АЕК) және ажырасу туралы өтініш беру үшін – 7 384 теңге (2 АЕК) төлейді.

Ал туу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ бұл құжатты алуға қайта өтініш берген жағдайда 1 846 теңге (0,5 АЕК) төлеу керек.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-09
Утром15.8 ℃
Днем24.59 ℃
Вечером22.26 ℃
Ночью18.54 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.64 м/с
2026-06-10
Утром17.71 ℃
Днем24.5 ℃
Вечером25.09 ℃
Ночью19.19 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.25 м/с