Газбен жүретін автокөліктер арнайы белгі орнатуға міндеттелді

Белгі қара жиегі және «GAS» жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыш болады.

gov.kz

СИМ техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 24 қарашадағы бұйрығына сәйкес, «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары» ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес, жаңа жылдан бастап қазақстандықтар газбен жүретін автокөлігіне арнайы белгі қоюға міндеттелді.

Арнайы белгі – жиегі қара түсті және «GAS» деген жазбасы бар сары теңбүйірлі үшбұрыш.

«Өкінішке қарай, кейде газ жабдығы орнатылған көлік біздің азаматтар үшін қауіпті болуы мүмкін. Осыған байланысты газбен жүретін көліктердің жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынады. Дәл осындай автомобильдерді сәйкестендіру және мұндай тыйымдарды әкімшілендіру үшін арнайы белгі енгізілді», — деп түсіндірді техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Арнайы белгі жабық паркингке кірген кезде көліктерді оңай ажыратуға және тиімді бақылауға көмектеседі.

Газбен жүретін, бірақ көлігінде «GAS» белгісі жоқ жүргізушілерге 3 АЕК (2024 жылы 11 076 теңге) айыппұл салынады.

Сауда министрлігінің ақпаратынша, елімізде газ баллон жабдығы орнатылған 380 мыңнан астам автокөлік тіркелген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-17
Утром18.34 ℃
Днем26.95 ℃
Вечером20.38 ℃
Ночью17.48 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.23 м/с
2026-06-18
Утром16.07 ℃
Днем24.2 ℃
Вечером25.36 ℃
Ночью19.81 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.78 м/с