БҚО-да қар, боран және көктайғақ күтілуде
Сонымен қатар, синоптиктер қатты желді болжайды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, үшінші қаңтарда Орал қаласында боран, жаңбыр, қар мен көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы -2 градусқа дейін, оңтүстіктен соққан жел секундына 18 метрге дейін жетеді.
3 қаңтарда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.