Орал қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан кафе құлады. Екі адам қайтыс болды, 6 адам жараланды (жаңартылады)

Үйінділердің астында кафеге келушілер болуы мүмкін. Құтқарушылар, дәрігерлер және коммуналдық қызметкерлер зардап шеккендерді іздеу үшін қираған ғимаратты бөлшектеуді жалғастыруда.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4 қаңтар күні сағат 02.07-де Сырым Датұлы көшесі 52-мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Оқиға орнына сағат 02.17-де жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты RIZYQ дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын хабарлады.

Салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр бөлігі қирап, 25 шаршы метр аумақты өрт шарпыған.

«Тілсіз жау» сағат 02.40-та ауыздықталды. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер мен жеке құрамнан 39 адам, 13 техника, жедел жәрдем бригадасы (18 адам, 6 техника) полиция департаменті (28 адам, 7 техника) қызметкерлері жұмыс жасады. Қазіргі уақытта БҚО ТЖД және облыс әкімдігінің күштерімен қираған үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды» деп хабарлады ведомстводан.

Ресми мәліметке сәйкес, үйінділердің астынан 6 адам шығарылды. Бесеуі ауруханаға жеткізілді, алтыншы адам ауруханаға жатудан бас тартты.

«Жарылыс болған жерде 2 адам көз жұмды. Олардың аты-жөні анықталып жатыр. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда», — дейді құтқарушылар.

Айта кетері, бүгін түнде екі қабатты дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метр аумақ отқа оранған.

Оқиға орнына құтқарушылар, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері, барлығы 110-нан аса адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметі БАҚ-қа жарылыс газ баллонынан болғанын хабарлады. Кафені газдандыру желісі тартылған «RIZYQ» пеші жарылыстан зардап шеккен жоқ.

Газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы сигнал газ қызметіне 2024 жылдың 4 қаңтарында түнде өрт күзетінің кезекшісінен келіп түсті.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жедел келген апаттық бригадасы жарылыс нәтижесінде «RIZYQ»кафесінің екі қабатты ғимаратының құлағанын анықтады. Зардап шеккендер бар.

Авариялық бригада кафені газдандыру жүріп жатқан ШРП-ға (шкафтық газ реттеу пункті) табиғи газ беруді тоқтатты.

«ҚазТрансГаз Аймақ «АҚ» RIZYQ » кафесінің жанында тұрған 5 қабатты тұрғын үй зардап шекпегенін, оны газбен жабдықтау басқа ШРП-дан жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді.

«Қазіргі уақытта бүгін түнде Орал кафесінің бірінде болған жарылыс салдарынан зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 5 адам — екі ер адам және екі әйел — жансақтауда. Бір ер адам травматология бөлімінде. Бәріне Орал қалалық көпсалалы ауруханасында дәрігер бригадасы көмектесіп жатыр», — дейді әкімдік өкілдері.

4 қаңтарда сағат 02:07-де 101 пультіне Орал қаласындағы Сырым Датов көшесі 52 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына 02:17 жеткен бірінші бөлімше екі қабатты «RIZYQ» дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша, газ-ауа қоспасының жарылысы нәтижесінде ғимараттың 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метр аумақта өрт шыққаны туралы хабарлады. 

Артынша екі адам үйінді астынан өлі табылғаны белгілі болды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.48 ℃
Днем29.75 ℃
Вечером30.3 ℃
Ночью22.6 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.66 м/с
2026-05-19
Утром19.87 ℃
Днем28.58 ℃
Вечером26.83 ℃
Ночью20.81 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра10.04 м/с