Оралдағы кафе үйінділерінің астында даяшы қыз бен оның жігітін таба алмай жатыр
Жарылыстан бері он екі сағаттан астам уақыт өтті. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр, екі жас – Маргарита Мұхаметжанова мен оның жігіті Ерхан үйінділердің астында қалып отыр. Жастардың ата-аналары мен олардың туыстары трагедия орнынан бірнеше сағат бойы кетпеді.

«RIZYQ» кафесінің жарылыс орнын полицейлер бір шақырымнан астам қашықтықта қоршап алды. Жақындау үшін мен жаяу жүремін, алыстан жұмыс істеп жатырған техниканың шуы естіледі.
Бұл жерге жақындаған кезде мен қоршау таспасының арғы жағынан, «Жедел жәрдем», өрт сөндірушілердің, полиция көліктерінің артындағы адамдарды көрдім. Екі әйел қасымнан өтті, олардың біреуінің көзі жылаудан ісінген. Екіншісінде куртканың артында «психолог»деген жазу тігілген.
Мен үйінділерге жақындауға тырысамын, рұқсат етілмейді. Содан кейін мен сигнал таспасының жанындағы жастар тобына жақындадым.
Мен оларды әңгімеге тартып, жоғалған қыз Маргарита туралы сұрағанымда, жауап ретінде: «Жоқ, олар оны таппады, ол менің әпкем,- деді.
Техника үнсіз қалмаса да, қандай да бір себептермен тыныштық орнады…

Маргаританың інісі Рамиль айтады:
— Біз РТС-да тұрамыз, осы кафеде даяшы болып жұмыс істейміз, мен оқимын, Маргарита да пединстутта, екінші курста оқиды. Менің ауысымым кеше кешкі 9-да аяқталды, Мен үйге ауылға бармадым, қалада қалдым. Маргарита ауысымды 12-де аяқтады, оның артынан жігіті Ерхан келді. Олар кетер алдында кафенің басқа қызметкерлерімен бірге шай ішуді шешті. Кафе тәулік бойы жұмыс істейді. Сағат екіде бұл болды.
Бір-екі секунд үнсіздіктен кейін, жігіт жалғастырды.
— Екеуін іздеп жатыр. Кафеде болғандардың бәрі, қазір мәйітханада немесе ауруханада. Қазірдің өзінде 12 сағат іздеуде, бұл ғимаратта жертөлелер жоқ. Ата-аналар осында болды, біздікі де, Ерхандікі де. Мәйітханаға кетті, олар сол жерде шығар деп ойлайды, мен осында күтемін, — дейді Рамиль басын төмен түсіріп кетіп бара жатып, достары оның соңынан ерді.

Жігіттердің бірі аялдап, Маргарита мен Ерханның тірі табылатынына сенетінін айтады.
Тағы да тыныштық, суық, мен кері қайттым.
Мария ДРАЧЕВА
