Оралдағы кафеде газ баллондарының жарылу кезінде қаза тапқандар саны үш адамға жетті

Қираған ғимаратты аршу қиынға соғып жатыр. Тіпті құтқарушылардың өзіне қауіп төніп тұр. Қазіргі күні қирандылар толық ашылып, тазартылып жатыр. Үйінді астынан үшінші адамның денесі табылды.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов Орал кафесіндегі жарылыс кезінде зардап шеккендердің жағдайы жөнінде айтып берді.

Ерлан Виленұлының айтуынша, оқиға орнынан Орал қалалық көпбейінді ауруханасына барлығы 6 адам жеткізілген.

Дәрігерлер барлығын қарағаннан кейін бір ер адам амбулаториялық ем алуға жіберілді.

«Беті мен мойын тұсын жеңіл күйік шалған тағы бір ер адам травматология бөлімшесіне орналастырылды. Қалған төртеуі жансақтау бөлімінде, жағдайлары өте ауыр. Біреуінде екі жақты пневмоторакс, оған қоса оң жақ иығы сынған. Бәрі де жабық бас-ми жарақатын алған. Оларды 52-ден 15 пайызға дейін қатты күйік шалған. Жансақтау бөлімінде жатқан екі ер адам – Өзбекстан азаматтары. Екі қыз, сондай-ақ травматология бөлімінде жатқан ер адам – Қазақстан азаматтары», — деді Е.Тоқсанов.

ТЖД мәліметінше, оқиға орнына 02:17-де жеткен өрт сөндіру қызметінің мамандары екі қабатты RIZYQ дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасы жарылғанын, салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метр аумақта өрт болғанын хабарлаған.

«Өрт сағат 02:40-та жойылды. Өртті сөндіруге өот сөндіру қызметінің жеке құрамынан 39 адам мен 13 техника, жедел құтқару жасағының құтқарушыларынан 8 адам мен 2 техника жұмылдырылды. Бұған қоса, жедел медициналық жәрдем бригадасынан 18 адам, 6 техника, полиция департаментінен 28 адам, 7 техника тартылды», — делінген хабарламада. Сондай-ақ ведомство өкілдері қазіргі уақытта БҚО ТЖД және облыс әкімдігі қираған үйінділерді тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлім етті.

Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.35 ℃
Днем-8.3 ℃
Вечером-9.82 ℃
Ночью-8.59 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра12.27 м/с
2025-12-15
Утром-8.91 ℃
Днем-8.16 ℃
Вечером-8.61 ℃
Ночью-10.07 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.32 м/с