Ауылда арендалық үй салған жұмыс берушілер 5 млн теңгеге дейін субсидия алады

Субсидия алып, кәсіп бастаудың ережелері нақтыланды.

Фото: ашық дереккөз

Ауылдық жерде жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілерге мемлекет қолдау көрсетеді, деп хабарлайды өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік президенттің ауылдық жерлерде өз жұмыскерлері үшін тұрғын үй салатын жұмыс берушілердің шығыстарын өтеуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында субсидиялаудың тиісті қағидаларын әзірлеп, бекітті.

«Бекітілген Ережелерге сәйкес ауылда, кентте немесе ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілер 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік субсидия ала алады. Бұл 75-тен 100 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй құрылысының шығындарын жабады», — делінген хабарламада.

Субсидия алу үшін жұмыс берушілер қызметкермен 5 жылға еңбек шартын жасасуы, сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үйге ауыртпалықтардың болмауын қамтамасыз етуі қажет.

Бұл ретте жұмыс берушілер тұрғын үй салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімдерін жергілікті атқарушы органдар айқындайды және бекітеді.

Ережелер 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қосымша ақпаратты өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайтынан алуға болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.48 ℃
Днем29.75 ℃
Вечером30.3 ℃
Ночью22.6 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.66 м/с
2026-05-19
Утром19.87 ℃
Днем28.58 ℃
Вечером26.83 ℃
Ночью20.81 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра10.04 м/с