Оралда автокөлікке капот байлап сырғанаған студент қыз қайтыс болды
Көліктің ескі капотын қыз достарымен бірге шана ретінде пайдаланған.

Қайғылы оқиға бесінші қаңтарда сағат 23:41-де болды. Ауруханаға 17 жасар қыз жеткізілді, ол есін жимастан қайтыс болды, деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.
— Қыз достарымен бірге ескі капотты көлікке тіркеп сырғанаған. Сырғанау кезінде олар газ тірегіне соғылған. Қазіргі уақытта екі көлік полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән – жайы анықталуда, — деп нақтылады ведомстводан.
Сонымен қатар, марқұмның жергілікті колледжде оқығаны белгілі болды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Оралда жүргізуші көлікті қауіпті жүргізгені үшін айыппұл алды
