БҚО-да жол апатынан 1 адам мерт болып, 4 адам жарақат алды

БҚО-да бір күнде екі жол апатынан 4 адам қаза тауып, 13-і жарақат алды.

Фото: БҚО полиция департаменті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 қаңтар күні Казталов ауданы аумағында болды.

«Сағат шамамен 16.30-да Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы жолында «ВАЗ-2110» автокөлігінің жүргізушісі жүк көлігін басып озамын деп, қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп «Шевроле Лачети» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмды. Түрлі жарақат алған төрт адам Казталов аудандық ауруханасына жеткізілді. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.

Осылайша, БҚО-да бір күнде екі жол апатынан 4 адам қаза тауып, 13-і жарақат алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Орал-Атырау жолында болған жол апатынан кейін 6 бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. 2009 жылғы ер бала жансақтау бөлімінде, жағдайы өте ауыр. 2006, 2020, 2013 және 2008 жылғы қыздар травматология бөліміне жатқызылды.

Сондай-ақ 3 әйел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Соның ішінде жағдайы орташа ауыр 2005 және 2001 жылғы қыз нейрохирургия бөлімшесінде. 1989 жылғы әйелге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емдеуге жіберілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с