Баласының өміріне бейжай қараған ата-ана енді айыппұлмен құтылмайды

Баласы терезеден құлап мертіккен ата-ана енді заң алдында жауап береді. Қазір депутаттар мен бала құқығын қорғау жөніндегі уәкіл тақырыпты қызу талқылап, заңнамаға бірнеше түзету әзірлеп жатыр.

Көрнекі сурет

Әзірге әр жағдай жеке дара қаралады дейді жауаптылар. Сондықтан кесіп-пішіп, жазаның нақты қандай боларын ешкім айта алмай отыр, деп хабарлады КТК.

Дегенмен бала өміріне бейжай қараған ата-аналар айыппұлмен ғана құтылмайды екен. Заңның қатаңдатылуына соңғы бес жылдағы статистика түрткі болған. Бұған бірінші кезекте терезеге арнайы қорғаныш механизмінің орнатылмауы себеп. Сондай-ақ үлкендердің перзентіне бас-көз болмауы да осындай қайғылы жағдайларға әкеп соғуда.

Отбасының шырқын бұзатындарға да жаза қатайтылады. Бұған дейін жұдырығын ала жүгіріп үйдің беркесін қашырғандарға әуелі ескерту жасалып, кейіннен 15 тәулікке қамалса, енді бірден 60 тәулікке қамалады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде осы қылмыстар үшін 15 тәулікке дейін қамауға алу санкциясы қарастырылған. Егер де ол қылмыстық кодекс қатарына енетін болса, мұндай нормалардың жауапкершілігі қатая түседі, яғни 50-60 тәулікке дейін қамауда отырады», — дейді әділет вице-министрі Алма Мұқанова.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-21
Утром2.62 ℃
Днем10.46 ℃
Вечером9.99 ℃
Ночью6.75 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.18 м/с
2026-04-22
Утром4.1 ℃
Днем9.4 ℃
Вечером10.71 ℃
Ночью8.05 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.36 м/с