Қазақстандықтар көлік салығын қашанға дейін төлеуге тиіс

Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары автокөлік иелерін жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі жақындағанын ескертті. 

фото: ашық дереккөзден

Ведомство мәліметінше, жеке тұлғалардың 2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. 2023 жылғы салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады.

Мамандар көлік салығын есептеу жолын да түсіндірді.

«Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы және e-Salyq Azamat мобильді қолданбасындағы салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады. Есептік сальдоны анықтау үшін салық органдары жыл сайын жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты тиісті жылға есептейді», – делінген хабарламада. Есептелген салық сомалары бойынша ақпарат 2024 жылғы наурызда екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілетіні хабарланды.

Сондай-ақ салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталдағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ Kaspi.kz және «Халық банкі» АҚ мен e-Salyq Azamat мобильді қолданбасында болады екен. Осы мобильді қолданбалардың кез келген қолданушысы 2023 жылға есептелген көлік салығын көре алады.

«Жеке тұлғалар салықтарды басқа жолдармен де: екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде қолма-қол ақша қаражаттарымен немесе төлем терминалдарында, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлей алады», – делінген хабарламада. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром23.68 ℃
Днем33.64 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с