Алаяқтықтың жаңа түрі қазақстандықтарға қауіп төндіріп тұр

Астана полициясының баспасөз қызметі қазіргі уақытта қазақстандықтардың WhatsApp-ына заңсыз кіріп, олардың атынан контактідегі барлық адамға қарызға ақша сұрау фактілері жиілеп кеткенін айтты. Алайда бұл кезде бейтаныс тұлғалардың банк шоттары көрсетіледі.

Алаяқтар сілтемені пайдаланып, көрсетілген сілтеме арқылы өткеннен кейін олардың WhatsApp жеке жазбасына қол жеткізетіні анықталды.

«Осыған байланысты біз азаматтарды, мысалы, жүлделер ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама түрінде таратылатын күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуді, сондай-ақ ешбір жағдайда өздерінің жеке деректерін енгізбеуді ескертеміз”,- деп хабарлайды Астана полициясы.

Егер сіз күдікті сілтеме арқылы кездейсоқ өтіп кетсеңіз, WhatsApp-тағы «Баптаулар» дейтін бөлімге өтіп, «Құрылғыны байланыстыру» батырмасына өту арқылы бір тексеріп алыңыз.

«Егер осы жерде бейтаныс құрылғы көрсетілсе, дереу осы сессиядан шығыңыз. Ең дұрысы, есептік жазбаңызды қорғауды күшейту үшін екі сатылы растау батырмасын қосыңыз. Сондай-ақ, егер сіз осындай түрдегі таныстарыңыздан ақша қаражатын қарызға алуды сұрайтын хабарлама алсаңыз, оны жібермес бұрын досыңызға қоңырау шалып, ақша сұрағанына көз жеткізуіңіз керек», – делінген хабарламада.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-6.36 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с