Студенттер қалай білім беру кредитін ала алады? Жаңа ереже жобасы шықты

Несие 10 жыл мерзімге беріледі.

Фото: ашық дереккөз

Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттерге арналған мемлекеттік білім беру несиесінің жаңа тәртібін әзірлеп, қоғам талқысына ұсынды. Оған сәйкес, несие ұлттық валютамен және 10 жыл мерзімге беріледі.

Аталған несие түрінің бұған дейін «Қаржы орталығы» АҚ жүйесімен екінші деңгейлі банктер арқылы беріліп келген несиеден бірқатар айырмашылықтары бар. 

Кредит студенттердің бәріне бірдей берілмейді. Оны алу үшін студент келесі талаптарға сәйкес болуы қажет: 

  • Қазақстан аумағындағы ЖОО не ЖОО-дан кейінгі оқу орнының студенті болу;
  • ҚР-ның тұрақты табысы бар, еңбекке қабілетті бір азаматының кепіл болуы (егер студент жетім, не ата-ана қамқорлығынсыз қалған болса, бұл талап міндетті емес);
  • Оқу құнының кемінде 10 пайызы мөлшерінде жинағының барын растайтын білім беру жинақтау сақтандыру шартының болуы. 

Несие 10 жыл мерзімге берілгенімен, оны төлеу ЖОО бітірген соң емес, оқу кезінде, яғни несие берілген айдан кейінгі айдан басталады. Егер студент академиялық демалыс алса, несиені төлеу уақыты шегеріледі. 

Несие беру 100 пайыз мемлекеттік ұйым арқылы жүзеге асырылады. Алайда, жобада бұл ұйымның атауы нақтыланбаған. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-17
Утром18.34 ℃
Днем26.95 ℃
Вечером20.71 ℃
Ночью18.5 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.23 м/с
2026-06-18
Утром16.07 ℃
Днем24.2 ℃
Вечером25.36 ℃
Ночью19.81 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.78 м/с