Маштаково өткізу пунктінде жүк көліктерін өткізу шектелді

Жол жүру шамамен 21 қаңтарда сағат 13.00-ге дейін тоқтатылды.

Скрин: Youtube

БҚО бойынша Шекара қызметінің баспасөз қызметі Ресей Федерациясында ауа-райының нашарлауына байланысты Самара-Тольятти тас жолында жүк көліктерінің қозғалысы шектелгенін хабарлады. Жолда қарлы боран мен көктайғақ бар.

– Осыған байланысты Маштаково халықаралық автомобиль өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге келе жатқан жүк көлік құралдарын өткізу шектелген. Осы бағытта жүргенде балама қозғалыс бағыттарын таңдауыңызды сұраймыз, – деп хабарлады Шекара қызметі.

Шамамен жол жүру 21 қаңтарда сағат 13.00-ге дейін тоқтатылды.

Сіз мемлекеттік шекарадан «Ақсай»-«Елек», «Шаған»-«Теплое», «Тасқала»-«Озинки»өткізу пункттерінен өте аласыз.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде тұман. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сонымен қатар, БҚО ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

  • «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» 4-104 шақырым, Орал қаласы – РФ шекарасы – 100 шақырым.
  • «Самара-Шымкент» 195-246 шақырым, РФ шекарасы – Орал қаласы – 51 шақырым.
  • Федоровка-Ақсай тас жолы жабық. Күшті боран.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-13
Утром14.33 ℃
Днем21.54 ℃
Вечером23.33 ℃
Ночью18.93 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра3.92 м/с
2025-05-14
Утром16.05 ℃
Днем20.26 ℃
Вечером14.75 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1000
Скорость ветра9.71 м/с