Адам денсаулығына арналған жаңа технологиялар

Қазақстандық пациенттер үшін жыл сайын мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек алу үшін мүмкіндіктер өрісі кеңеюде.

Фото: ашық дереккөз

МӘМС жүйесін енгізумен көптеген күрделі қымбат араласулар барлық сақтандырылған азаматтарға қолжетімді болды.

Елімізде трансплантология, кардиохирургия, онкология, инновациялық жасушалық технологиялар саласында 80 жаңа технология енгізілді, олардың көмегімен 20 мыңға жуық адам емделді.

Мысалы, Ұлттық нейрохирургия орталығында ашылған сәттен бастап Гамма-пышақ аппаратымен 1133 операция, 2023 жылы 233 операция жасалды. Қалқанша безінің обыры кезінде радиоиодтерапиямен 1300-ден астам пациент емделді. Сүйек онкопатологиясы кезінде инновациялық 3-Д протездеу енгізілді, осындай 15 операция жасалды.

Бейнеэндоскопиялық жабдықты пайдалана, химиотерапиямен ұштастыра отырып, шамамен 30 мың онкологиялық операция жасалды. Жыл сайын 12 мыңнан астам пациент сәулелік терапия (томотерапия, стереотаксис, IMRT, IGRT) алады.

Есту қабілеті нашар адамдарға дәрігерлер электромагниттік есту аппаратын тегін имплантаттады. Осындай 428 операцияның әрқайсысы орта есеппен 6,6 млн теңгені құрайды, олар МӘМС қаражаты есебінен жабылады.

Кардиохирургиялық орталық 2011 жылдан бастап жүректің жасанды сол жақ қарыншасына 492 имплантаттау, ал 2023 жылы – 40-тан астам операция жасады.

259 ағзаны трансплантаттау, 400 балаға гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантаттау жасалды, оның 66-сы 2023 жылы жүргізілді.

Республикада 38 мыңнан астам адамға көмек көрсеткен 79 инсульт орталығы жұмыс істейді. Жіті коронарлық синдром кезінде ел халқына мамандандырылған медициналық көмекті 44 коронарлық араласу орталығы көрсетеді, онда 33 мың пациент ем алды.

Жалпы, өткен жылы стационарларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру ем алуға және шамамен 3 млн. пациенттің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Биыл Астана қаласында Протон орталығы (Орталық Азиядағы бірінші) бар ұлттық онкология орталығының құрылысы аяқталуда.

Онкологиялық қызметті жаңғырту жөніндегі кешенді жоспардың шеңберінде 5 онкология орталығының құрылысы басталды, сондай-ақ қолданыстағы 2 объектіні қайта жаңарту, 6 объектіні күрделі жөндеу жүріп жатыр.

Инсульт, инфаркт жағдайында білікті жедел көмек көрсету үшін республикада тағы 6 II деңгейдегі инсульт орталығы және 4 ТКА-орталық ашылады. Сондай-ақ уақтылы көмек көрсету үшін бірыңғай консультациялық инсульт орталығын іске қосу жоспарлануда.

Ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасында аналар мен балаларға медициналық көмек көрсету үшін 12 заманауи перинаталдық орталық, өңірлерде 11 көп бейінді балалар стационарын салу, еліміздің 5 өңірінде «Пренаталдық диагностикаға арналған бір күндік клиника» пилоттық жобасын іске қосу көзделген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-17
Утром18.2 ℃
Днем25.77 ℃
Вечером21.36 ℃
Ночью20.14 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.51 м/с
2025-06-18
Утром15.69 ℃
Днем21.81 ℃
Вечером20.16 ℃
Ночью15.29 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.81 м/с