Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

Екі оқиға да 20 қаңтар күні Орал-Атырау жолында болды.

Батыс Қазақстан облысында екі жол апатынан 4 адам көз жұмды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, екі оқиға да 20 қаңтар күні Орал-Атырау жолында болды.

«Сағат 16.55-те Ақжайық ауданы Самал ауылы маңында 1983 жылғы өзбекстандық азамат «Мазда СХ-7» автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп «ДАФ» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісіне қоса 1984 жылғы әйел мен 2012 жылғы жасөспірім ұл оқиға орнында қаза тапты. 2009 жылғы жасөспірім Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Бұлардың барлығы – Өзбекстан азаматтары.

Екінші жол апаты таңғы сағат 09.00 шамасында Орал-Атырау жолының 79-шақырымында болды. 1963 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Volkswagen Passat» автокөлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылған. Содан қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен түйісіп, «Volkswagen Passat» жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.

«Қазіргі кезде осы оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-22
Утром22.45 ℃
Днем29.28 ℃
Вечером31.03 ℃
Ночью20.39 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8.34 м/с
2024-07-23
Утром15.5 ℃
Днем24.9 ℃
Вечером24.48 ℃
Ночью19.82 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.26 м/с