Оралда екі қызымен жолдан өткен әйел адамды трактор соққан
Полиция істі тергеп жатыр.

Апат орталық базар аймағында орын алған. Әйел адам екі қызымен бағдаршамда жолды кесіп өтіп бара жатқанда, трактор ту сыртынан соққан.
Балаларды дөңгелектердің астынан құтқарып қалғанымен, трактор әйелдің екі аяғына зақым келтірген. Ол денсаулық жағдайы орташа ауырлық дәрежеде ауруханаға жатқызылды. Зақым алған сегіз және он жастағы екі қыз медициналық көмек алғаннан кейін босатылды.
Полиция істі тергеп жатыр.
