Мәжілісте жаңа туған нәрестелерге арналған ЖСН-ға түзетулер бекітілді

Мәжіліс депутаттары байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасында басқалармен қатар жаңа туған нәрестелерге ЖСН беру қарастырылған.

Заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Ол мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталған.

Жаңа норма кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасында қарастырылған.

Оған сәйкес, жаңа туған нәрестенің жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру ұсынылып отыр. Депутаттар осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты қылмыстарға тосқауыл қоймақ.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева түсіндіргендей, қазір ЖСН сәбиге туу туралы куәлікті рәсімдеген кезде беріледі. Ал куәлікті рәсімдеу үшін балаға ең алдымен ат қою керек.

«Ата-ана сәбиіне қандай есім қоятынын ойластырып жатқанда, біраз уақыт өтіп кетеді. Кейде заңда қарастырылған мерзім сақталмайды, тіпті кейде ЖСН мүлде тіркелмейді. Мұндай жайттар болды. Сол себепті біз туу туралы куәлікті күтпей, нәрестеге дүниеге келген сәтте бірден ЖСН беруді ұсынып отырмыз», – деді Смышляева мәжіліс кулуарында.

Депутаттың айтуынша, бұл медициналық ақпараттық жүйеде автоматты түрде жасалады. Дүниеге келген сәби еліміздің барлық ақпараттық жүйесінде азамат ретінде тіркеледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-20
Утром15.05 ℃
Днем21.6 ℃
Вечером22.14 ℃
Ночью15.56 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 997
Скорость ветра9.52 м/с
2025-06-21
Утром14.19 ℃
Днем15.67 ℃
Вечером19.93 ℃
Ночью15.63 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра9.83 м/с