Оралда құбырдағы апат салдарынан екі көше су астында қалды
Оралда Ихсанов көшесінде диаметрі 400 мм. құбыр жарылып апат орын алды.

Ихсанов пен Құрманғазы көшелеріндегі шалшық су айдыны 24 қаңтар күні таңертең пайда болды. Бұл екі көшенің қиылысы қатты су астында қалды.
ТЖ департаментінің баспасөз қызметі алдын ала ақпарат бойынша жерасты құбырында апат болғанын хабарлады.

— Біздің бригадалар апат орнында, құбырдың жарылу себептерін анықтауда. Қазіргі уақытта 15 үй сусыз қалып отыр. Олар: Кердері 127/1,127,125/1,125,121,104,106/1,112,120,127. Сарайшық 79/1. Л. Толстой 72,91. Мұхит 67/1, 57/1. Апатты жою уақыты қосымша хабарланады,- деп ақпарат берді «БатысСуАрнасы» ЖСШ.

