«Ақтөбе мектептерінде атыс болады». Полиция ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады

Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Telegram арналардың бірінде (Конец Актобе деп аталады) қазір үш мыңнан астам жазылушы бар. Автор Ақтөбе мектептерінде «Ильназ Галявиев сияқты» мектепте жаппай балаларды өлтіргісі келетінін жазған. Түннен бері жеті хабарлама жариялаған. Кейін аноним мектепке, лицейлерге және екі сауда орталығына баратынын мәлім еткен.

Ильназ Галявиев деген кім?

2021 жылдың 11 мамырында Ресейде жас жігіт бұрын оқыған №175 қазан гимназиясында атыс ұйымдастырған еді. Оның қолынан жеті бала мен екі мұғалім өлген. Іс бойынша 667 адам жәбірленуші деп танылды. Сот Галявиевті өмір бойы бас бостандығынан айырды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Айтуынша, осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз, — делінген ресми парақшасында.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-07
Утром-17.35 ℃
Днем-10.86 ℃
Вечером-12.61 ℃
Ночью-12.55 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.52 м/с
2026-02-08
Утром-7.21 ℃
Днем-5.29 ℃
Вечером-8.5 ℃
Ночью-5.78 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра4.78 м/с