БҚО-да интернет алаяқтарынан зардап шеккен азаматтарға 28 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылған
БҚО Полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері 82 қылмыстың бетін ашты, оның 23-і ауыр қылмыстар.

БҚО полиция департаменті барлық профилактикалық түсіндіру жұмыстарына қарамастан, көптеген азаматтар қаскүнемдердің айла-амалдарына тап болатынын айтты. Алаяқтар тек IT-технологияларды ғана емес, сонымен қатар психологиялық әдістерді де шебер қолданады, жәбірленушіні стресс жағдайына енгізеді, содан кейін қорқыныш сезімін манипуляциялайды, олардың талаптарын орындауға мәжбүр етеді.
Алаяқтардың жеке санаты бар –олар неке алаяқтары. Шабуыл жасаушы әлеуметтік желілерде танысып, жәбірленушінің сеніміне әбден кіреді. Содан кейін қымбат сыйлық бергісі келетінін айтып, құнды сәлемдеме жібергенін айтады, Кейін оған курьер, шекарашы немесе пошташы, кедендік баждарды есептеу, шетел валютасын айырбастау және т.б.секілді қызмет өкілдері ретінде алаяқтың сыбайластары хабарласып, құнды затты жеткізу үшін ақшалай қаражат сұрайды. Сөздеріне лажсыз сенген жәбірленуші ақшасын қалай салып жібергенін де байқамай қалады.
Сондай жағдайдың бірі, жуырда облыс тұрғыны әлеуметтік желіде өзін Ұлыбритания азаматымын деп таныстырып, , жәбірленушінің сеніміне кіріп, сезімін пайдаланып, оған сыйлық ретінде 80 000 АҚШ долларын жібергендей болады. Нәтижесінде жәбірленген азаматша оны алу үшін Түркия елінің азаматының шотына 13 млн теңге көлемінде ақшасын жіберген.
2023 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысында киберқылмыспен күресу үшін «Киберпол» пилоттық жобасы енгізілді, оның құрамына үздік жедел уәкілдер мен IT мамандары кірді. Қазір киберполиция бөлімі белсенді жұмыс атқаруда. Өткен жылы олардың көмегімен 82 қылмыстық іс ашылды, оның 23-і ауыр қылмыстар. Жалпы 28 миллион теңгеден астам шығын қайтарылды.
