Бес мың теңгелік жаңа банкнот: нақты ақшаны жалғаннан қалай ажыратуға болады

2024 жылғы 29 қаңтарда ҚР Ұлттық банкі (ҚҰБ) жаңа «Сақ стилі» сериясынан 5000 теңгелік банкноттың қорғаныш элементтері туралы айтты.

Сурет: nationalbank.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) жаңа дизайнда шыққан номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды 2023 жылы 25 желтоқсанда айналымға шығарды.

Бұл – «Сақ стилі» жаңа сериясының алғашқы банкнотасы. Ол қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.

ҚҰБ шынайы банкноталарды жалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелер бар екенін еске салады және 2023 жылғы үлгіде шыққан жаңа дизайндағы 5 000 теңгелік банкноталардың қорғаныш элементтерін ұсынады.

Ақша белгісінің қорғаныш элементтері туралы

Банкнотада рельефті қалыптастыратын – алтын интаглио арнайы баспа тәсілі қолданылған. Қазақстан Республикасының елтаңбасы алтын металл бояудың жоғары бедерлі қабатымен басылған.

Сурет: nationalbank.kz

Банкнотаның бет жағындағы шеттерінде шығыңқы, жоғары рельефті элементтер бар, олар қолмен ұстағанда жақсы сезілетін – көру қабілеті нашар адамдарға арналған белгі.

Сурет: nationalbank.kz

Банкнота бетінде үзік-үзік түрінде шығып тұрған екі түсті қорғаныш жіп те бар. Ол жарық түскенде бір тұтас жіп ретінде анық көрінеді. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде қызыл және көк түстердің өзара әрекеттесуінен динамикалық лүпілдің әсері пайда болады.

Сурет: nationalbank.kz

Сонымен қатар, банкнотаның бет жағында көлемді стильдендірілген «Бүркіт» бейнесі түріндегі патч қорғаныш элементі орналасқан. Банкнотаны аударған кезде номиналдың цифрлық кескінінен ою-өрнекке ауысу әсері және күн белгісі сәулелерінің жан-жаққа шашыраған динамикалық әсері байқалады.

Сурет: nationalbank.kz

Жеке көркемдік элементтер банкнотаға алтын түстес жылтырағы бар арнайы – иридисцентті бояу қолданып басылған.

Сурет: nationalbank.kz

Локальды су белгісі қорғаныш элементі – электротип. Жарық түскенде номиналдың бейнесінен тұратын электротип белгісі анық көрінеді.

Сурет: nationalbank.kz

Банкнотаның екінші бетінде «Бүркіт» артефактінің көлемді бейнесі түріндегі Спарк элементі орналасқан. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде Спарк түсі алтыннан нефрит түсіне өзгереді.

Сурет: nationalbank.kz

Мұндай тексеру тәсілдері бірнеше секунд уақытты алады және кез келген адамға банкнотаның түпнұсқалығын анықтауға көмектеседі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-12
Утром1.77 ℃
Днем2.37 ℃
Вечером2.08 ℃
Ночью1.89 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.57 м/с
2026-11-13
Утром4.28 ℃
Днем6.33 ℃
Вечером2.58 ℃
Ночью5.17 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.29 м/с