Әлемдегі ең үлкен кеме алғашқы саяхатына аттанды: Экологтар дабыл қағуда

Әлемдегі ең үлкен круиздік кеме Icon of the Seas өзінің алғашқы жеті күндік Кариб теңізі саяхатына аттанды.

Фото: Anadolu

Кеменің ұзындығы – 365 м, бұл әлем бойынша рекордтық көрсеткіш. Салыстыру үшін, аты аңызға айналған Титаник 100 метрге дерлік қысқа (269 м), ал АҚШ әскери-теңіз күштерінің ең ірі ұшақ тасығыш кемесі Джералд Р.Фордтың ұзындығы 333 метр.

7600 жолаушыны қабылдай алатын кемеде 40-тан астам мейрамхана мен кафелер бар. Сондай-ақ кемеде тропикалық өсімдіктер өсетін шағын саябақ, театр, караоке, теннис және волейбол алаңдары, балаларға арналған аттракциондар мен аквапарк бар.

Финляндия жасалған алып кеменің құрылысына 2 миллиард доллар жұмсалған. Кеменің қозғалтқыштар сұйытылған табиғи газбен (LNG) жұмыс істейді.

Экологтар кемеде отынның бұл түрін пайдалану атмосфераға метанның таралуына әкелетінін айтып, сынға алды.

Экологтардың айтуынша, қазіргі сұйытылған табиғи газдың 85-95% метаннан тұрады. Сондықтан сұйытылған табиғи газды пайдаланған кезде метанның атмосфераға ағып кету ықтималдығы артады, ал метан көмірқышқыл газына қарағанда әлдеқайда қауіптірек.

«Бұл дұрыс емес. Біздің есебімізше, сұйытылған табиғи газды теңіз отыны ретінде пайдалану кеменің қызмет ету мерзімі ішінде атмосфераға парниктік газдардың кәдімгі теңіз газойлымен жұмыс істейтініне қарағанда 120%-ға көп түсуіне әкеледі«, – деді таза көлік жөніндегі халықаралық кеңестің (ICCT) теңіз бағдарламасының директоры Брайан Комер.

Алайда кеме иелері Royal Caribbean компаниясы Icon of the Seas кемесінің заманауи теңіз көлігі ережелері талап еткеннен 24 пайызға көбірек энергия үнемдейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ компания 2035 жылға қарай нөлдік шығарындылары бар кеме ұсынуды жоспарлап отыр.

BBC

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-11
Утром2.04 ℃
Днем4.02 ℃
Вечером2.77 ℃
Ночью1.99 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.51 м/с
2026-11-12
Утром1.77 ℃
Днем2.37 ℃
Вечером2.08 ℃
Ночью1.89 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.57 м/с