Оралдағы бес қабатты үйдің барлық тұрғындарына қоңырау шалған алаяқтардың екеуі анықталып, қолға түсті
Алаяқтар «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дей отырып, бір күнде бірнеше үй телефондарына қоңырау шалғаны туралы факті орын алды.

БҚО полицейлері көбінесе қарт адамдар алаяқтардың құрбаны болады дейді. Қаскүнемдер олардың үй және ұялы телефондарына хабарласып, олардың жақын туыстарына қауіп төнді деп үрейлендіріп, сөйлесуді тоқтатпай, барлығын эмоционалды түрде жасап, яғни, айқайлап, жылап, сөйлесуді үзбей, туысқандарына қоңырау шалуға мүмкіндік бермейді. Жәбірленушілер өз сөздерінде сөйлескен адамның дауысы туысқандарының дауысына өте қатты ұқсайтытынын, артынша қалай олардың айтқандарына ілесіп кеткенін аңғармай да қалғанын жеткізді. Сондай-ақ, алаяқтар туысқандарының қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны және оны ешкім білмеу үшін бұл мәселені тез арада шешу қажеттілігін айтады. Тіпті, біздің тәжірибемізде алаяқтар «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дей отырып, бір күнде бірнеше үй телефондарына қоңырау шалғаны туралы факті орын алды. Мәселен, қаладағы Тайманов көшесіндегі бес қабатты 127-үйдің тұрғындарына бірінен соң біріне хабарласып үлгереді, артынша қоңырау шалғанның екеуі анықталып, қолға түсті.
Алаяқтық қылмыстарының тағы бір жаңа түрі – авторизациясы бар үшінші тарап сайтына сілтемесі бар байқауға қатысатын жақын туысқанына дауыс беру туралы өтініші бар пошта жөнелтілімі. Жәбірленуші өзінің абоненттік нөмірін енгізгеннен кейін оған алты нөмірлі код келеді. Одан әрі «Мәзір», «Орнату», «Байланыстырылған құрылғылар», «Құрылғыны байланыстыру», «Телефон нөмірі бойынша сілтеме» пәрмендеріне кіру қажеттілігін сұрайды және синхрондаудан кейін алаяқтар сіздің мессенджеріңізге кіруге мүмкіндік алады. Мұндай жағдайда хабарламалар бойынша ақпараттың дұрыстығына көз жеткізбей, күмәнді сілтемелерді баспаған жөн.

«Абоненттік нөмірлерді қайта тіркеу сылтауымен» алаяқтықтың тағы бір жаңа түрі пайда болды. Жәбірленушілерге ұялы байланыс операторының белгісіз өкілі қоңырау шалып, абоненттік нөмірді тіркеу мерзімінің аяқталуына байланысты олар оны жаңарту үшін SMS кодын растаңыз деп хабарласады. Жәбірленушілер білмей, алаяқтардың нұсқауларын орындап, «AnyDesk», «HopToFesk», «RustDesk», «TeamViewer» қосымшаларын немесе шабуылдаушы мобильді банкингке қол жеткізе алатын басқа қашықтан қол жеткізу қосымшаларын орнатады. Осылайша, қаңтар айының басында жәбірленуші Киберполға хабарласып, алаяқтар жоғарыда аталған әдіспен жәбірленушінің атына 2 миллион теңгеге несие толтыртқан.
Мұндай жағдайларда ұялы байланыс операторының байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы ақпаратты екі рет тексеру қажет. Абоненттік нөмірлердің жарамдылық мерзімі болмайды.