БҚО Бөрлі ауданында 24 мектепте өртке қарсы қауіпсіздік жүйесі орнатылмаған
Ауданның бірқатар мектептерінде өрт дабылдары жұмыс істемейді, жертөлелерде жанғыш заттар сақталады және өрт туындаған жағдайда гидранттардың белгіленген орындары жоқ. Аудандық прокуратура 24 мектептің директорларына ескерту жазып, барлық бұзушылықтарды жоюға бұйрық берді. Егер олар өздерінің білім беру мекемелерінде өртке қарсы қауіпсіздік жүйесін орнатпаса, онда оларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (бұл шамамен 74 мың теңге).

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2023 жылдың соңында Бөрлі ауданының прокурорлары мектептерді тексеру барысында 24 мектепте өрт қауіпсіздігі ережелері қамтамасыз етілмегенін анықтады. Атап айтқанда, Бөрлі ауданының ауылдық округтеріндегі және Ақсай қаласындағы мектептердің жертөле үй-жайларында жанғыш заттар мен материалдар сақталады, мектеп ғимаратының ықтимал өрттерін жою үшін өртке қарсы сумен жабдықтау көздері жоқ, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар бекітілмеген, өрт дабылдары жұмыс істемейді.
Алайда, бұзушылықтарға қарамастан, мектеп директорлары оларды жою бойынша шаралар қабылдамады және оқу процесін жалғастыруда.
2024 жылғы қаңтарда прокурорлық ден қою актісі бойынша Бөрлі ауданының 24 жалпы білім беретін мектебі ӘҚБтК – нің 410-бабының 1-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды-оларға ескертулер жазылды.
