БҚО-да кәсіпкерлерге кедергі келтірген шенеунік жауапқа тартылды

Антикор кәсіпкерлердің құқығын қорғады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкерлер «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ шенеунігінің заңсыз әрекеттеріне қатысты жүгінді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпкерлерге кедергі келтірген шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан кәсіпкерлерге ақпараттық таблоны сауда үй-жайының сыртына орналастыру жөнінде негізсіз талаптар қойылғаны анықталды. Аталған таблоны кәсіпкерлер сауда үй-жайының сыртына орнатқан. Оны орнату сыртқы (көрнекі) жарнама үшін салық төлемдерін кейін төлеуді көздейді. Бұл ретте сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер жөніндегі қағидаларға сәйкес, талаптар сауда үй-жайының ішкі рәсімделуіне ғана қолданылады, – делінген хабарламада.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен анықталған кемшіліктер жойылып, кәсіпкерлердің құқығы қорғалды.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлік қызметке әкімшілік кедергілер келтіргені үшін 13 адам тәртіптік, 3 адам әкімшілік, 1 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Биыл бұл бағыттағы жұмыс «Атамекен» ӨКП-мен тығыз қарым-қатынаста жалғасатын болады. Біз өңірлік кәсіпкерлер палатасына түсетін бизнес субъектілерінің өтініштерін зерделеу арқылы өңірде бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілер тудыратын жүйелі проблемаларды анықтауға бағытталғанбыз.

Жүйелі проблемаларды шешу бойынша жұмыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау сияқты алдын алу құралдары арқылы жүргізілетін болады», — деп атап өтті БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-16
Утром19.4 ℃
Днем30.06 ℃
Вечером29.33 ℃
Ночью16.76 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.44 м/с
2026-05-17
Утром15.29 ℃
Днем27.75 ℃
Вечером27.32 ℃
Ночью20.78 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра7.9 м/с