Полиция мәжілісте журналистерге дөрекі сөйлейді: министр не деп жауап берді

Журналистердің айтуынша, полицейлер дөрекі сөйлейді. Куәліктен басқа аккредиттеу құжаттарын көрсетуді талап етеді.

Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке бұл сұрақты мәжіліс кулуарында бірнеше журналист қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Журналистер ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен полиция қызметкерлері, тіпті «СОБР” жауынгерлері қандай бұйрық негізінде БАҚ қызметкерлерінен үкімет немесе парламент ғимратына жақындағанда қосымша құжаттарды талап ететінін сұрады.

Журналистердің айтуынша, полицейлер дөрекі сөйлейді. Куәліктен басқа аккредиттеу құжаттарын көрсетуді талап етеді.

Министрдің жауабы

– Ал,”дөрекі сөйлейді “ дегенге келер болсақ, біз оны анықтаймыз. Өткізу режимі болуы керек екенін білесіз. Бұл бөлімде, егер полицейлер өкілеттіктерден асып кетсе, біз оны анықтаймыз. Мұнда қорғалатын ғимараттар бар. Егер өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері болса, хабарласыңыздар, – деді ол.

Сонымен бірге журналистер полицейлер бұл құжаттарды көшеде де талап ететінін айтты. Құқық қорғаушылардың «эй» деп шақырып, дөрекі сөйлейтінін айтты. Журналистер қосымша құжаттарды талап етуге бұйрық берген сіз бе деп сұрады, бірақ жауап болмады.

– Полиция қызметкері…оның міндеттеріне кіреді…неге көрсетпеске? – дейді министр.

Дау қайдан шықты

Журналистердің айтуынша, жаңа жылдан бастап ІІМ бөлімшелері үкіметтік нысандарды ерекше қорғауға алған. Енді мәжіліске немесе үкіметке кіру үшін журналистерден куәліктен басқа аккредиттеу құжаттары талап етіледі. Бақылауды күшейтудің себептерін ешкім түсіндірген жоқ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром17.16 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.39 м/с
2024-09-10
Утром17.79 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером26.6 ℃
Ночью22.25 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.84 м/с