Мектеп оқушылары сабақ кезінде телефон пайдалана алмайды

Сенат білім беру және балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты заңдарға енгізілген өзгерістерді мақұлдады.

Мектеп оқушыларына сабақ үстінде телефон ұстауға болмайды. Парламент сенаты кейбір заңнамалық актілерге білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды мақұлдады.

Заңда оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануға шектеу қою туралы норма бар. Үзіліс кезінде телефонды ұстауға болады.

«Оқу процесінде ұялы телефондарды пайдалануға шек қоюды енгізу, тестілеусіз бірінші сыныпқа қабылдау, балабақшаларға орын беру бойынша бірыңғай кезекті қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықты насихаттайтын, діни сипаттағы ақпараттың таралуына жол бермеу және суицидке шақыруды болдырмау шараларын қабылдауды көздейтін нормалар ұсынылған», – деді сенат депутаты Алтынбек Нұхұлы.

Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі үшін терезелерді қауіпсіздік құлыптарымен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы норма да бар.

Жаңа ықшам аудандарда көппәтерлі тұрғын үй салу кезінде құрылыс жобалау құжаттарында білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің міндетті түрде болуын ескеру туралы нормалар енгізу көзделген.

Бұдан бөлек, арнайы білім беру ұйымдарындағы жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өз бетінше өмір сүруге дайындалуына жеке қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған тәлімгерлік қызметі енгізіледі.

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметін лицензиялау тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Осы ұйымдарда медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық мамандықтар бойынша қашықтан оқытуға тыйым салынады. Сенат заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-5.01 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с