БҚО-да екі апта ішінде 59 мас жүргізуші ұсталды

Бұған дейін төрт жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылған. Оларға қатысты ҚР ҚК 346-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалды.

Фото: ашық дереккөзден

16-31 қаңтар аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Осы кезеңде жол қозғалысы ережелерін 3 мыңнан астам түрлі бұзушылықтардың алдын алды, деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Жол апаттарын талдау олардың негізгі себептері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып қала беретінін көрсетеді, атап айтқанда жылдамдық режимін, басып озу ережелерін, қарсы жүруді, маневр жасауды, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін сақтамау. Сондай-ақ, полицейлер мас жүргізушілердің кінәсінен апаттар жиі болатынын айтады.

— ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша мас күйінде көлік құралдарын басқарғаны үшін 59 жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар, бұған дейін төрт жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылған. Оларға қатысты ҚР ҚК 346-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалды,-деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 17 адам қаза тауып, 39 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-10
Утром6.17 ℃
Днем12.04 ℃
Вечером11.84 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.37 м/с
2026-04-11
Утром7.27 ℃
Днем8.14 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.07 м/с