БҚО-да ішімдік ішудің соңы адам өліміне ұласты

Арақ ішу барысында ер адамдар арасында жанжал шыққан.

Көрнекі сурет

Батыс Қазақстан облысында өз үйінен ер адамның денесі табылды.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 ақпан күні Бәйтерек ауданы Достық ауылында болған.

«Шамамен сағат 09.00-де өз үйінен көптеген жарақатпен ер адамның мүрдесі табылды. Алынған іс-шаралардың нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 1990 жылғы тұрғын анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша арақ ішу барысында ер адамдар арасында жанжал шыққан. Күдікті кінәсін мойындап, жауап берді. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабының тәртібімен Приурал полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдарын Приурал полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылған болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-12
Утром16.42 ℃
Днем28.45 ℃
Вечером30 ℃
Ночью22.99 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра3.62 м/с
2026-08-13
Утром21.7 ℃
Днем27.57 ℃
Вечером25.77 ℃
Ночью19.46 ℃
Влажность32 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.31 м/с