БҚО өңірлік кадр резервіне 15 үміткер іріктеледі

Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі, кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар жастар қатыса алады.

Фото: ашық дереккөз

Іріктеу 1 наурызда басталады және кадр тапшылығына байланысты іріктеу жеті салалық бағыт бойынша өтеді.

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, 1 наурыздан бастап өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады, оның құрамы конкурстық негізде облыстың жас талантты мамандарының арасынан іріктелетін болады.

Әр өңірде өзінің өңірлік кадр резерві қалыптастырылатын болады. Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі, кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар жастар қатыса алады. Бұл өңірдің дамуына өз үлесін қосуға дайын жастар үшін мемлекеттік қызметке әлеуметтік өсу болады. Белгілі бір саладағы кадрлар тапшылығына сүйене отырып, іріктеу жүргізілетін жеті салалық бағыт бекітілді. Бұл индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология салалары. Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін өңірлік резервке қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және салалық сарапшылар тартылатын болады, — деп хабарлады ведомстводан.

Өңірлік кадр комиссиясының шешімімен резервке екі жыл мерзімге 15 кандидат қабылданатын болады. Алдағы уақытта оларды жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.56 ℃
Днем15.9 ℃
Вечером15.4 ℃
Ночью12.64 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-20
Утром9.06 ℃
Днем11.04 ℃
Вечером11.9 ℃
Ночью10.97 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.9 м/с