Қара бетперде киіп, қайырымдылықпен айналысып жүрген жігіт оралдық екені белгілі болды
Оны желі қолданушылары «Димаш Құдайберген» деп ойлаған.

Қара бетперде тағып алып, қайырымдылықпен айналысып жүрген жігіт туралы көпшілігіміз әлеуметтік желіден білеміз, ол көптеген отбасының үйлі болуына көмектесіп жүреді.
Ол бұған дейін көп отбасының үйлі болуына көмектескен еді. Оны кейбір желі қолданушылары «Димаш Құдайберген» деп ойлаған. Алайда, желі қолданушысы бетперде киген жігіттің кім екенін айтты.
«Бетперде киген адам 26 жастағы Оралдық жігіт. Оны көбісі «Димаш Құдайберген» деп жүр. Бірақ ол қарапайым адам. Оның бар мақсаты адамдардың өмірін жақсарту. Ол мұқтаж жандарға көмектеседі. Ол жігіт өзінің жүзін де, есімін де жасырады. Халыққа көмекті атақ, даңқ үшін жасамайды. Ол қара бетперде, қара көзілдірік киіп алған»,- деп жазады bugin.kz сайты.
