Коронавирус қайта оралды: Қазақстандықтарға бетперде кию режиміне көшу ұсынылды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Ең көп жағдай Алматы мен Астанада тіркелген.

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, Қазақстанда өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2024 жылдың қаңтарында коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 есеге өсті. Желтоқсанда – 187, ал қаңтарда – 477 жағдайға дейін өсті. Жаңа жағдайлардың ең көп дерегі Алматы (143) мен Астанада (74) тіркелді.

«2024 жылдың 26 ​​қаңтары мен 1 ақпаны аралығында бір апта ішінде республикада COVID-19+ инфекциясының 144 және COVID-19- инфекциясының 11 жағдайы тіркелді. Ауру дерегінің 26 ​​жағдайға өскені байқалды. Сондай-ақ жаңа жағдайлардың ең көп дерегі Алматы (37) мен Астанада (21) тіркелді», — делінген хабарламада.

Қазақстанның барлық өңірлері «жасыл» аймаққа енді. Жұқпалы аурулар төсектерінің толтырылуы 1 пайызды құрап, үш науқас стационарда емделіп жатыр.

«Шектеу шараларын енгізу жоспарда жоқ. Сонымен қатар соңғы айда коронавирусқа, ЖРВИ мен тұмауға шалдыққандар санының артуына байланысты адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көлікте және медициналық ұйымдарға барған кезде және науқаспен байланыста болғанда бетперде кию ұсынылады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Мәжілісте медициналық маска тағу міндеттелген болатын. Мұндай шешім парламенттің төменгі палатасының спикері Ерлан Қошанов пен тағы басқа бірнеше депутат коронавирус жұқтырып алғаннан кейін қабылданды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.56 ℃
Днем15.9 ℃
Вечером15.4 ℃
Ночью12.64 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-20
Утром9.06 ℃
Днем11.04 ℃
Вечером11.9 ℃
Ночью10.97 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.9 м/с