Тұрғындарды алдап соққан әйел қамауға алынды

Қадағалау органы соттан 33 жастағы әйелді екі айға қамауға алуды сұрады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандандырылған тергеу сотында Орал прокуратурасының өтініші қаралды. Қадағалау органы соттан 33 жастағы әйелді екі айға қамауға алуды сұрады. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдіктенеді.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 2023 жылдан бастап өзінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында арзан тұрмыстық техниканы уәде етіп, қала тұрғындарын алдап келген.

Сенімді адамдар оған 124 миллион теңге берген. Енді сотқа дейінгі тергеу кезінде әйел қамауда болады.

Бүгінгі қоғамды алаңдатып отырған қылмыстың бірі – алаяқтық. «Аңқау елге – арамза молда» кейпіне енген алаяқтардың араны ашылып-ақ барады. Жеңіл жолмен табыс табуды көздегендердің қатары азаяр емес. «Ауырдың үстімен, жеңілдің ас­тымен» дегендей, жеңіл жолмен табыс тауып,­ баюды көздегендердің дені – әйелдер. Алаяқтардың арбауына­ түсірген құрбандарының ақ­шасын қайтармай, тіпті із-түзсіз «жоғалып» кететіндер дер бар.

Өткен 2023 жылы өңірде 410 алаяқтық тіркеліп, соның 200-і анықталып, сотқа жолданған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.41 ℃
Днем15.9 ℃
Вечером15.4 ℃
Ночью12.64 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-20
Утром9.06 ℃
Днем11.04 ℃
Вечером11.9 ℃
Ночью10.97 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.9 м/с