Forbes тізіміндегі Рустам Қарағойшин «Бәйтерек» холдингін басқаратын болды

Рустам Қарағойшин Forbes 2023 нұсқасы бойынша Қазақстанның беделді 50 бизнесменінің қатарына кіреді.

Фото: Ашық дереккөзден

Рустам ​Қарағойшин 1983 жылы туған. Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.​

Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) бастады, онда жобалық талдау департаментінің менеджері, бас менеджері және басқарма бастығы болып жұмыс істеді. 2007 жылдан 2011 жылға дейін «ҚДБ – Лизинг» АҚ Басқарушы директоры — Басқарма мүшесі лауазымына ауыстырылды.​

2011-2015 жылдары Petroleum Operating ЖШС мұнай және мұнай өнімдері маркетингі департаментінің сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бастығы, Credit Systems ЖШС басқарма төрағасы, «Сбербанк Лизинг» ЖШС бас директорының орынбасары, бас директоры болып жұмыс істеді.​

2015 жылдан 2019 жылдың ақпан айына дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.​ 2019 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС бас директоры болды.​2019 жылдан 2021 жылға дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды, оның ішінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Қазақстанның даму банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.​2021 жылдан 2024 жылға дейін жеке секторда әртүрлі қызметтер атқарды.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Ол Индустрия және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшиннің ұлы. «Дәл осы Қарағойшиндердің есімдері Астанадағы жылу магистралі учаскесіндегі Дублин тұрғын үй кешенінің шулы құрылысына байланысты БАҚ-та кеңінен тарады. Жылу трассасын кіші Қарағойшин басқаратын «В.Д.Строй-инжиниринг» серіктестігі салды. Тапсырыс беруші – Астана қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Ол кезде әкесі құрылыс жобасын бекіткен «Мемсараптама» РМК-ны басқарды. Тимур Қарағойшин 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың наурызына дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы болды», – деп жазды «Чиновник» телеграм каналы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-07
Утром4.36 ℃
Днем8.49 ℃
Вечером8.63 ℃
Ночью8.7 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра7.43 м/с
2025-11-08
Утром7.71 ℃
Днем10.58 ℃
Вечером10.76 ℃
Ночью10.07 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.38 м/с