«Көктем көрсетеді»: Жаңа министр «тасқынға дайынбыз ба» деген сұраққа жауап берді

Алдын ала болжам бойынша, тасқын қаупі жоғары өңірлер арасында  Батыс Қазақстан облысы да бар.

«ОА» мұрағатынан

Екі күн бұрын ғана төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалған Шыңғыс Әрінов орталық коммуникациялар алаңында баспасөз мәслихатын өткізді. Журналистер одан «көктемгі су тасқынына дайынсыздар ма?» деп сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Аталған жағдайды алдын ала зерттедім. Жыл соңында, желтоқсанда жаңбыр өте көп жауды. Қар болмады. Сол судың бәрі жерге сіңді. Бәлкім, біздің болжамымыз бойынша, шұғыл тасқын болуы мүмкін екенін болжап отырмыз. Ақпанның соңында оңтүстік өңірлерде, наурыздың басында солтүстік өңірлерде солай болуы мүмкін, – деп жауап берді Шыңғыс Әрінов.

Фото: Скриншот

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

– Сөзбен емес, іспен шаруаны көрсетіп, бәрін практикада жасадық. Қазіргі таңда менің орынбасарым облыс әкімдерінің орынбасарларымен бірге сол оқу-жаттығулардың қорытындысын жасап жатыр. Тиісті жұмыс ары қарай жалғасады. Дайындық жұмыстары, әрекет ету алгоритмі бар. Сол себепті көктем көрсетеді, – дейді министр.

«ОА» фотоқорынан

Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының айтуынша, алдын ала болжам бойынша, тасқын қаупі жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Ұлытау облысы жатады. Тасқын қаупі орташа өңірлердің қатарына Жетісу, Жамбыл және Павлодар облысы енгізілген. Ал тасқын қаупі төмен өңірлер – Маңғыстау мен Қызылорда өңірі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром2.82 ℃
Днем12.42 ℃
Вечером11.13 ℃
Ночью8.84 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.47 м/с
2026-10-10
Утром6.6 ℃
Днем17.38 ℃
Вечером15.94 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.32 м/с