2023 жылы Қазақстанда 810 рет орман өртенген

2023 жылы жалпы ауданы 116,8 мың гектар болатын 810 орман өрті тіркелген.

«ОА» фотоқорынан

Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орман қорын сақтау бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны жайлы баяндап берді.

Министрдің мәліметінше, мемлекеттік орман қорының ауданы 30,9 млн гектар, оның ішінде орманмен көмкерілген 13,7 млн гектар.

Ел аумағының 5%-ы орманды алқап. 2023 жылы жалпы ауданы 116,8 мың гектар болатын 810 орман өрті тіркелді, оның ішінде орманмен көмкерілген алаңы 61,1 мың гектар, – деп айтты Нысанбаев Үкімет сағатында.

«ОА» мұрағатынан

Ведомство басшысы орман өрттерінің себептері мен снадарына тоқталды.

  • найзағай разрядтарынан – 498;
  • ауыл шаруашылығы жерлерінен өтіп кеткен – 87;
  • жеке және заңды тұлғалардың кінәсі бойынша – 30;
  • анықталмаған себептерден – 194 оқиға тіркелген.
«ОА» фотоқорынан

Орман өрттерін сапалы және уақтылы анықтау, орман шаруашылығына цифрландыруды енгізу президенттің жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында мақұлданды. Жобаны іске асыру үшін жасанды интеллектті қолданып, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша тиісті техникалық тапсырма әзірленді. Жоба аясында еліміздің орман қорының аумағында әртүрлі көздерден алынған деректерді топтастыру арқылы өртті ерте анықтау және жедел шешімдерді қабылдауға, мониторинг жүргізу үшін бірыңғай ситуациялық орталық құру жоспарланып отыр.

Өртті анықтау радиусы 30 шақырымға дейін айналмалы көру мүмкіндігі бар бейнебақылау камераларының көмегімен іске асырылады», – деді Ерлан Нысанбаев.

Оның айтуынша, аталған жүйе ұлттық парктерге қойыла бастаған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-23
Утром0.6 ℃
Днем3.99 ℃
Вечером5.05 ℃
Ночью0.1 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра5.71 м/с
2025-03-24
Утром-2.24 ℃
Днем5.97 ℃
Вечером6.69 ℃
Ночью2.24 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1034
Скорость ветра5.18 м/с