«Ақжайық» футбол клубының сенімді басқарушысы бюджеттен қаражат ұрлады деп күдіктелуде
Сотқа дейінгі тергеуді Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізуде. Құқық қорғау органдары өткен аптаның соңында мәдениет және спорт министрлігінде «Ақжайық» футбол клубының сенімді басқарушысы және «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК басшысы Оралбай Жақсымбетовті ұстады.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті 2021-2022 жылдары алдау арқылы жалпы сомасы 57 млн теңге бюджет қаражатын ұрлаған. Бұл қаражатты БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы «Artsport» бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру шарты шеңберінде балаларды оқыту бойынша көрсетілген қызметтер түріндегі «Ақжайық»ФК» ЖШС бақылауына бөлді.
Соттың санкциясымен ол қамауға алынды.
ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры болып 2022 жылдың қазан айында тағайындалды.
Оралбай Жақсымбетов 1979 жылы БҚО-да дүниеге келген. Көптеген жылдар бойы спорт саласында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
Соңғы 5 жылда – 2018-2023 жылдар аралығында – облыс бюджетінен «Ақжайық» футбол клубы 4, 871 млрд теңге алды. Бұл ретте дене шынықтыру және спорт басқармасы бюджет ақшасын пайдаланудың тиімділігін көрмеді, — деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ:БҚО бюджетінен қаржыландырудың қысқаруына байланысты «Ақжайық» футбол клубы футболшылардың жалақысын 3 есе төмендетті
