Оралда студенттерден ақша бопсалады деп айыпталған қылмыстық топ ұсталды
Уақытша ұстау изоляторына 4 күдікті қамауға алынды.

Олар қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін тонап, ақша бопсалады деген күдікке ілінген.
Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына 4 күдікті қамауға алынды. Алаяқтық әрекеттерге барғандардың барлығы колледж студенттері.

Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

“Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Егер сіз осы тұлғалардан зардап шексеңіз, тұрғылықты мекенжай бойынша полиция бөліміне немесе 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз”, – деді БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Бақыт Ашкаров.

