Tele2 және Altel катарлық инвесторларға өтеді

Бұған дейін, Қазақстанда Kcell, Tele2 және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталған болатын.

Фото: maxima.kz

«Power International холдингі «Қазақтелеком» АҚ-на тиесілі «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ны сатып алуды жоспарлап отыр. Біз Tele2 және Altel туралы айтып отырмыз. Тараптар үшжақты келісімге («Самұрық-Қазына» АҚ) 2024 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың араб еліне ресми сапары аясында қол қойды”, – делінген хабарламада.

Өткен жылы үкімет бәсекелестік орнатып, жоғары сапалы тарифке қол жеткізу үшін «Қазақтелекомға» бір операторды кәсіпорын құрылымынан шығару міндетін қойған болатын.

Қазақстанда «Қазақтелеком» компаниялар тобына кіретін операторлардың бірін сатуға қатысты мәселе көп уақыттан бері талқылануда. Алайда осы күнге дейін нақты шешім қабылданбаған.

2024 жылдың 20 қаңтарында экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС сату туралы шешім қабылданды.

2024 жылдың 14 ақпанында Катарда «Қазақтелеком», «Самұрық-Қазына» және «Power International Holding» қол қойылған келісім аясында МТ-S компаниясының 100 пайыздық үлесін сатып алудың негізгі шарттарын келіскен.

«Біз жақында келіссөздерге кірістік және, әрине, бүгінгі келісім тек Power International Holding-пен мәміле туралы ниетімізді белгілейді және болашақта сату мен сатып алудың барлық шарттары мен тәртібін талқылап, біріктіру қажет болады. Әзірге нақты сатылатын баға мен шарттар туралы айта алмаймыз», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Power International Holding – экономиканың әртүрлі секторларын қамтитын Катар конгломераты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-20
Утром17.41 ℃
Днем26.39 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью22.33 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.39 м/с
2026-07-21
Утром18.82 ℃
Днем28.64 ℃
Вечером29.37 ℃
Ночью22.86 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.53 м/с